Астанаға 2,5 мың тонна көмір жеткізілді

12 қазан, 2018, 14:57 3077 Астана
Астанаға 2,5 мың тонна көмір жеткізілді

Қазіргі уақытта "көмір сатылатын жерде" көмірдің жалпы қоры 10972,58 тоннаны құрайды.

11 қазан күні Астанаға 36 вагон немесе 2510 тонна көмір жеткізілді. Оның ішінде 15 вагон немесе 1035 тонна Шұбаркөл, 13 вагон немесе 910 тонна Каражыра, 8 вагон немесе 556 тонна Майкөбе көмірі, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көмір түрлері мынадай бағада сатылуда: Шұбаркөл – тоннасына 13 500-14 500 теңге, Қаражыра – тоннасына 14 000 теңге, Майкөбе – тоннасына 12 000-12 500 теңге, Богатырь көмірі – тоннасына 8500-9500 теңге, Кузнецкий – тоннасына 12 000-12 500 теңге.

11 қазандағы жағдай бойынша "көмір сатылатын жерде" көмірдің жалпы қоры 10972,58 тоннаны құрайды.

Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды.

Осы жылдың тамызынан бастап Елордаға 146,6 мың тонна жеткізілді. КҚМ кезінде көмірдің жалпы тұтынуы халықтың қажеттіліктері үшін 400 мың тоннаны құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар