Астанаға 830 тонна көмір келіп түсті

Написать нам
13 қараша, 2018, 11:02 1861 Астана
Астанаға 830 тонна көмір келіп түсті

"iKomek" қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.

Бүгінге дейін көмірдің жалпы қоры 11 267,29 тоннаны құрайды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

12 қарашада Астанаға 830 тонна көмір келіп түсті. Оның 690 тоннасы – "Шұбаркөл", 140 тонна – "Қаражыра" маркалы көмір. "Шұбаркөл" маркалы көмірдің бағасы Астанада – 13 600 теңге, "Қаражыра" - 13 500 теңге.

Астанада отын сатумен айналысатын 8 компания бар. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөнінде меморандумдарға қол қойған болатын. Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, үнемі бақылауында ұстап отыр.  "iKomek" қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар