Астанаға тағы 75 вагон көмір жеткізілді

05 қараша, 2018, 16:08 2346 Астана
Астанаға тағы 75 вагон көмір жеткізілді

Күзгі-қысқы маусымда халыққа қажетті жалпы көмір тұтыну 400 мың тоннаны құрайды. 

1 тамыз бен 2 қараша аралығында қалаға қатты отынның 190,9 мың тоннасы жеткізілді, деп хабарлады астана әкімдігінің ресми сайты.

3-5 қарашада Астанаға көмірдің 75 вагоны немесе 5191 тоннасы жеткізілді. Оның 23 вагоны – "Шұбаркөл" маркалы (1582 тонна), 18 вагоны – "Майкөбе" маркалы (1244 тонна), 14 вагоны –"Қаражыра" маркалы (965 тонна) және 20 вагоны – "«Богатырь" маркалы (1400 тонна) көмір.

Астаналық отын-энергетикалық және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлағандай көмір сатушылармен отын бағасын көтермеу туралы меморандумға қол қойылған болатын. Күзгі-қысқы маусымда халыққа қажетті жалпы көмір тұтыну 400 мың тоннаны құрайды.  1 тамыз бен 1 қараша аралағында қалада 178,3 тонна көмір сатылды.  

"Қазіргі таңда нарықтағы жағдай тұрақты. Нарықтағы ахуал Астана қалалық әкімдігімен күн сайын бақыланып, мониторинг жүргізілуде. "i-Көмек 109" базасында тұрғындар үшін "жедел желі" құрылды", - делінген басқарманың хабарламасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар