Астаналық 100 жұмыс беруші жастарға жұмыс ұсынады - Жаңалықтар | BNews

Астаналық 100 жұмыс беруші жастарға жұмыс ұсынады

29 қаңтар, 15:28 1065 Астана
Астаналық 100 жұмыс беруші жастарға жұмыс ұсынады

Астана қалалық жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша ең қажетті деген бос орындарды ұсынуда, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жүзге жуық жұмыс беруші студенттерді төмендегі мамандықтар бойынша тәжірибеден өтуге шақырады: 

бухгалтер (66 жұмыс орны), заңгер (59 орын), экономист (47 орын), қаржыгер (37 орын), программист (26 орын), тәрбиелеуші (18 орын), психолог (18 орын), әлеуметтік қызметкер (16 орын), дизайнер (10 орын), аударма ісі (9 орын). 

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін жеке куәлік пен дипломы болуы (әңгімелесу барысында жолдама алу үшін) қажет. 

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 72-93-56, 57-89-12.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары