Астаналық оқушы ішінде қомақты ақшасы бар әмиянды иесіне қайтарып берді

10 Января, 2019, 15:03 713
Астаналық оқушы ішінде қомақты ақшасы бар әмиянды иесіне қайтарып берді  |  | BNews.kz

Полиция қызметкерлері оқушы мен оның ата-анасына алғыс білдірді.

Астанада мектеп оқушысы ішінде 112 мың теңге ақшасы бар әмиянды иесіне қайтарып берді. Әмиян иесі оқушыға және оның он ата-анасына осындай ниеті адал баланы тәрбиелеп отырғандарына алғысын айтты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық полиция департаментінде белгілі болғандай, 8 қаңтарда №28 орта мектептің 11-сынып оқушысы Илья Шавиков Кенесары көшесінің бойында ішінде 112 мың теңгеден астам ақшасы мен банк карталары бар әмиянды тауып алған.

"Оқушының айтуынша, ол және оның ата-анасы әлеуметтік желілерде полиция департаментінің Табылған заттар бюросы туралы хабарландыруларын көріп, табылған әмиянды иесіне қайтару үшін сол жерге хабарласқан", - делінген хабарламада.

9 қаңтарда Табылған заттар бюросы әмиянның иесін анықтады. Ал оқушы затты ақшасымен бірге иесіне қайтарып берген.

"Әмиян иесі оқушыға және оның ата-анасына осындай ниеті адал баланы тәрбиелеп отырғандарына алғысын айтты. Полиция да оқушыға азаматтық белсендігі үшін, оның ата-анасына ұлдарын дұрыс тәрбиелегені үшін алғысын білдірді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада ПД Ақпараттық-аналитикалық орталығының Табылған заттар бюросы жұмыс істейді. Күші жойылған құжаттарды қалпына келтіру анықтамасын бюро тегін береді. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13932

Похожие новости