Астаналық оқушылар халықаралық ғылыми жұмыстар байқауынан жүлделі оралды - Жаңалықтар | BNews

Астаналық оқушылар халықаралық ғылыми жұмыстар байқауынан жүлделі оралды

Написать нам
31 қазан, 2018, 11:16 1821 Астана
Астаналық оқушылар халықаралық ғылыми жұмыстар байқауынан жүлделі оралды

Оған барлығы 39 қазақстандық оқушы қатысты.

Бразилияда өткен халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында астаналық оқушылар алтын медальға ие болды.

39 қазақстандық оқушы Бразилияның Нову Гамбург қаласында өткен халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында бақ сынады. Олардың 16-сы – Астана қаласы мектептерінің оқушылары, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқау 33-ші "Mostra Internacional de Ciência e Tecnologia" (Mostratec) халықаралық білім беру жәрмеңкесі аясында ұйымдастырылды. Mostratec көрмесінің мақсаты - оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын ынталандыру, ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы шығармашылық қызметке тарту, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету және оқушылармен жұмысқа мамандарды тарту болып табылады. Қазақстандық оқушылардың ғылыми жұмыстары жоғары бағаға ие болды. 

Халықаралық байқау-жәрмеңке қорытындысы бойынша елордалық "Білім және инновация" лицей оқушылары Бағлан Бауыржанұлы, Жанайдар Қарманов, Тимур Сәтмағамбетов "Жапондық храмдар геометриясы" жобасымен  I орын ие болып, алтын медальды еншіледі. Үздік жұмыстардың авторлары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және білім гранттарымен марапатталды.

Шараны ұйымдастырушылар қазақстандық оқушылардың дайындығы мен  Қазақстандағы білім деңгейіне өздерінің жоғары бағасын берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар