Астаналық өрт сөндірушілер күш пен ептілік сайысына түсті

11 сәуір, 2018, 19:14 3360
Астаналық өрт сөндірушілер күш пен ептілік сайысына түсті

Елордалық құтқарушылар алғаш рет функционалдық өрт сөндіру көп сатылы жарысын ұйымдастырды.

Жарыс гарнизонның 14 командасы қатысуымен "Құтқарушы" спорт кешені аумағында өткізілді, қатысушылар тікелей адамдарды құтқару және өрт сөндіруге қатысты. Іс-шара астанамыздың 20 жылдық мерекесімен орайластырылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Жарыс бағдарламасы 13 күш және қолданбалы жаттығулардан тұрады: 24 кг гір тасын,  40 кг штанг көтеру, 20 м "Урал" жүк көлігінің дөңгелегін жылжыту, домалақтап оралған өрт сөндіруші жеңін  белгіленген орынға әкеліп жалғап және кері жүгіру, 50 кг газ балонын алып жүру, 70 келі зардап шегушіні 50 метр қашықтыққа тасымалдау және жарыстың ерекше жаттығуы 2 тонналық Нива Шевролет автокөлігін 50 метр қашықтыққа сүйрету. Жарысқа қатысушылар тапсырмаларды жауынгерлік киімде, толық керек-жарық құрал-саймандарымен орындады. 

Жарыс қорытындысында 4 минут 23 секунд нәтижесімен №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі Олжас Құрманбаев чемпион атанды. 4 минут 28 секунд нәтижемен екінші орынды кәсіби дайындық бөлімшесінің аға инструкторы Орал Жылқайдаров қанжығалады. 4 минут 29 секунд нәтижемен №17 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіру-құтқарушысы Руслан Төребаев үшінші орынды иеленді. 

Жалпы командалық есепте №1 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері бірінші орынды иеленді, екінші орын №17 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілеріне бұйырды, №11 Өрт сөндіру бөлімі жарыстың қола жүлдесін алды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. 

Функционалдық көп сатылы жарыс – ептілікті, күш-жігерді көп қажет ететін қимылдар қолданылатын спорт түрі, мұнда кешенді жаттығулар жиынтығы бірге орындалады, өз салмағын іске қосады, бұл функционалдық өзгеру принципіне негізделеді, жарыс өткізу арқылы физикалық тұрғыда дайындалғандар  анықталады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #жаттығу #сайыс #өрт

Читайте также

Похожие новости