Астаналық полицейлер зейнеткердің таксиде ұмытқан 6,5 млн теңгесін қайтарып берді

15 қазан, 2018, 19:57 2204 Астана
Астаналық полицейлер зейнеткердің таксиде ұмытқан 6,5 млн теңгесін қайтарып берді

Таксиде ұмытылып қалған ақша "Сергек" бейнебақылау камерасының көмегімен табылды. 

Астанада полиция қызметкерлері зейнеткердің ұмыт қалдырған 6,5 млн теңгесін қайтарып берді. Миллиондаған ақша қалған таксиді "Сергек" камерасының көмегі арқылы іздеп тапты, деп хабарлайды BNews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

70 жастағы зейнеткер әйел автокөліктің салонында ірі сомадағы ақша салынған пакетін ұмыт қалдырған екен.

"Зейнеткердің айтуынша, қаладағы банктердің бірінен шотынан ақша шешіп алған соң, көшеге шығып ақ түсті такси ұстаған. Келетін жеріне жеткен соң көліктен түсіп қалып, бірер минуттан кейін таксидің артқы орындығында ақша салынған пакетті ұмыт қалдырғанын есіне түсірген", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қатты уайымға салынған әйел полицияға өзінің затын жоғалтқаны туралы мәлімдейді. Бейнебақылау камерасының көмегімен қызметкерлер зейнеткер мінген автокөліктің маркасын анықтады. Нәтижесінде таксидің артқы орындығында қалған ірі сома салынған сөмке иесіне қайтарылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар