Астаналық спортшы гимнастикадан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

11 желтоқсан, 2018, 14:41 2410
Астаналық спортшы гимнастикадан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Сабина Бакатова күміс медальді иеленді.

Астаналық гимнастшы Сабина Бакатова Олимпиада чемпионы Марина Лобачтың сыйлығы үшін көркем гимнастикадан өткен XVI халықаралық турнирде күміс медаль алды, деп хабарлады қалалық Мәдениет және спорт басқармасы. Минск қаласындағы жарыста 10 мемлекеттің спортшылары бәсекеге түсті. Атап айтқанда, Израиль, Италия, Қазақстан, Кипр, Литва, Польша, Ресей, Украина, Эстония және Беларусь.

Турнир әлемдік гимнастика күнтізбесіне енгізілген аталмыш беделді шара 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Марина Лобач 1988 жылы Сеул қаласында көркем гимнастикадан Кеңес Одағының атынан алғашқы алтын медальді олжалаған болатын.

Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сабина Бакатова Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті. Спортшы Куала-Лампурдағы Азия чемпионатында екі алтын және бір қола медальді қанжығасына байлады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #спорт #жеңімпаз

Читайте также

Похожие новости