Астаналық ТЖД жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

06 ақпан, 2019, 16:01 1558
Астаналық ТЖД жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

Тек бұл ақпарат қаланы тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдарына қатысты емес.

Төтенше жағдайлар департаменті елорданың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылығын жұмыс күнін қысқартуға шақырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ауа райының бұзылуы және ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты, жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпорындар (базарлар, СОО), құрылыс нысандарына жұмыс күнін қысқартуды ұсынды.

"Бұл ақпарат қаланы тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдары, атап айтқанда өрт сөндіру, полиция қызметтері, төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем қызметі, коммуналдық қызметтерге қатысты емес", - деп хабарлады Төтенше жағдай департаментінде.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша 6 ақпанда ауа температурасы -30 градус, алайда -35 градус болып сезіледі, жел екпіні – 3 м/с.

"Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне қоңырау шалу керек", - деп еске салды ведомствода. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #ауа райы #төтенше жағдайлар департаменті

Читайте также

Похожие новости