Астаналық ұстаздарға латын әліпбиі бойынша дәріс оқылады

16 сәуір, 2018, 11:21 1988 Астана
Астаналық ұстаздарға латын әліпбиі бойынша дәріс оқылады

Дәрісті Тіл білімі институтының профессорлары оқиды.

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 16, 17, 18 сәуірінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша біліктілігін арттыру курсын" өткізеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Курста Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының профессоры Әлімхан Жүнісбеков, С. Демирел атындағы университеттің профессоры,  доцент Құралай Күдеринова, Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов қазақ латын әліпбиінің соңғы нұсқасы, латын негізді қазақ жазуының емле мәселелері, кірме сөздердің орфографиясы және тағы басқа да мәселелер туралы дәріс оқитын болады.

Курсқа Астана қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан, мектептерден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары қатысады. Курс "Іскер" бизнес орталығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар