Астаналық жүргізушілер бір айда 45 млн теңгеге "таңдаулы" нөмірлер сатып алған - Жаңалықтар | BNews

Астаналық жүргізушілер бір айда 45 млн теңгеге "таңдаулы" нөмірлер сатып алған

07 ақпан, 19:26 862 Астана
Астаналық жүргізушілер бір айда 45 млн теңгеге

2018 жылдың қаңтар айында жүзден аса номер берілді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

1 қаңтар 2018 жылы мемлекеттік тіркеуден өткен сұранысы көп мынадай (010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сияқты) нөмірі бар көліктердің тізімін қайта қарап шықты. Осындай бір нөмірдің құны - 137 мың 85 теңге.

Ал ААА, ВВВ, ССС т.б. бірдей әріпті белгісі бар нөмірлер - 137 мың 85 теңге.

Бүгінде Астанада осындай категорияға жататын 20 млн теңгеге бағаланған 141 бірлік берілді.

Сонымен қатар, қазір де 001, 002,003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777, сондай-ақ 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, 111, 222, 333, 444, 555, 666, 888, 999 нөмірлеріне деген сұраныс жоғары болғандықтан үлестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 2018 жылдың қаңтарында 45 млн теңгені құрайтын жүзден астам номер берілді. 

Жаңа "таңдаулы" нөмірлер  қаңтардан бастап сатылымға шығарылатыны туралы осыған дейін айтқанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары