Астаналықтар Алғыс айту күні туралы не біледі - Жаңалықтар | BNews

Астаналықтар Алғыс айту күні туралы не біледі

01 наурыз, 19:14 1930 Астана
Астаналықтар Алғыс айту күні туралы не біледі

Бұл мереке Қазақстанда соңғы екі жылда аталып өтуде және әлі толықтай қалыптасып үлгерген жоқ.

Алғыс айту күнін 1 наурызда атап өту туралы Жарлыққа Мемелекет басшысы 2016 жылы қол қойды.

Қазақстандықтарға бұл мерекенің қаншалықты белгілі екенін білу үшін BNews.kz ақпараттық агенттігінің редакциясы қала тұрғындарынан қысқаша сұхбат алды.

Алғыс айту күні Қазақстанда жалпыхалықтық бірліктің, ұлттар мен этностардың бір-біріне деген құрметі мен ынтымақтастығының бірлігі мерекесі. Оның басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту, деп атап өтті Елбасы қазақстандықтарды мерекемен құттықтау барысында.

Айта кетейік, BNews.kz ақпараттық агенттігінің редакциясы Алғыс айту мерекесін АҚШ-тың Ризашылық білдіру күнімен салыстыра отырып, бес айырмашылығын келтірген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Материалды әзірлегендер: