Астаналықтар лифт карталарын Telegram арқылы толтыра алады

19 шілде, 2018, 11:25 2094 Астана
Астаналықтар лифт карталарын Telegram арқылы толтыра алады

Енді картаны пайдаланушылардың әрбірі Smart Astana чат-боты арқылы баллансты тексеру, толтыру мен төлеуді жүзеге асыру мүкіндігіне ие болады.

Астанада лифт карталарын Telegram арқылы толтыру қызметі іске қосылады. Бұл туралы Facebook-те "Astana Innovation" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев жазды, деп хабарлайды BNews.kz. 

"Біз Telegram мессенджеріндегі елордалық чат-бот арқылы Https://t.me/smartastana_bot лифт карталарындағы баллансты толтыру мен төлеуді жүзеге асыру қызметін іске қоспақшымыз. Енді әрбір карта қолданушысы Smart Astana чат-боты арқылы өз баллансын тексеріп, оны толтыра алады. Оны банк картасы арқылы да, ұялы байланыс арқылы да толтыруға болады. Бәрі оңай", - деп түсіндірді Олжас Сартаев.

"Astana Innovation" АҚ басқарма төрағасының мәліметінше, қазіргі кезде үш лифт компаниясы - "Елорда-сервис", "Сарыарқалифт" және "ЕсілЛифтПром" қосылған. Ал қалған сегіз компания қосылып жатыр.

"Алдағы бір-екі айда чат-бот арқылы тағы бірнеше төлем сервисін қосамыз. Қазір елордалық чат-ботты жасанды интеллект ерекшелігіне үлестіріп жатырмыз. Чат-бот үйреніп, алгоритмді есіне сақтауда. Алдағы уақытта әлі көптеген ақылды әрі ыңғайлы қызметтер іске қосылады", - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар