Астаналықтар тауар чегін өткізіп, 100 мың теңге сомасында сертификатқа ие бола алады

Написать нам
14 қараша, 2018, 11:59 1658 Астана
Астаналықтар тауар чегін өткізіп, 100 мың теңге сомасында сертификатқа ие бола алады

Акцияға қатысу үшін коммуналдық базардан құны 500 теңгеден кем болмайтын тауарды сатып алып, чекті алу жеткілікті.

"Шапағат" коммуналдық базарының аумағында 3 желтоқсанға дейін жалғасатын "Чек талап ет те, сыйлық жеңіп ал!" атты акция өтеді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға қатысу үшін коммуналдық базардан құны 500 теңгеден кем болмайтын тауарды сатып алып, чекті алу жеткілікті. Бұдан кейін чекті промо тұрақтың қасында тұрған модераторға беру қажет. 

Акция жұмыс күндері сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін; әр сағат сайын Sulpak сауда үйінен кез келген тауарды сатып алу үшін 15 мың теңге сомасында сертификат ойнатылады, әр жексенбі сайын ұтылып қалған чектер жоғарыда көрсетілген Sulpak компаниясынан тауар алу үшін - 100 мың теңге сомасында сертификат ойнатылады.

Бүгінге дейін 37 сертификат ойнатылды.

Акцияны ұйымдастыруға ҚР Қаржы министрлігі, ҚР мемлекеттік кірістер комитеті, Астана мемкіріс департаменті, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, қалалық әкімдік, "Атамекен" ҚР ҰКП, "Astana" ӘКК АҚ және "Қазақтелеком" АҚ қатысты.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар