Астаналықтар жыл соңына дейін заңгерлерден тегін кеңес ала алады - Жаңалықтар | BNews

Астаналықтар жыл соңына дейін заңгерлерден тегін кеңес ала алады

11 қазан, 12:27 1607 Астана
Астаналықтар жыл соңына дейін заңгерлерден тегін кеңес ала алады

2017 жылдың 25 тамызы мен 31 желтоқсаны аралығында «Mediator KZ» компаниясы Астана, Алматы, Қостанай қалаларының тұрғындары үшін «Тегін заңдық кеңестер, құқықтық сауаттылық» акциясын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Mediator KZ» компаниясының көмегіне жүгіне отырып, арыз беруші азаматтық, жер, тұрғын-үй құқығы, отбасы, еңбек, зияткерлік, әкімшілік және қылмыстық құқық саласында қызметтердің түрін ала алады.

«Біз қиын әрі шиеленіскен мәселелерді және арнайы істер бойынша халықтың әлсіз топтарының (ардагерлердің, зейнеткерлердің, мүгедектердің) құқығын қорғаудан бас тартпаймыз. Оларды оңтайлы шешу біздің тәжірибеде бар», - деп жазылған «Mediator KZ» компаниясының хабарламасында.

Астана қаласында қабылдау Бейбітшілік көшесі 52 ВП 8 мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін жүргізіледі.

Заңгерлерден тегін кеңес алу үшін мына телефондар бойынша алдын ала жазылуға болады: 8775 826 48 66, 8776 702 89 89. Сондай-ақ, проблема бойынша компанияның сайтында хабарлама қалдыру мүмкіндігі бар www.ps2014.kz.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары