Астананың Байқоңыр ауданында иттерге арналған алғашқы спорт алаңы пайда болды

Написать нам
03 тамыз, 2018, 11:31 3227 Астана
Астананың Байқоңыр ауданында иттерге арналған алғашқы спорт алаңы пайда болды

Алаң пилоттық жоба ретінде қала әкімінің тапсырмасы бойынша салынды.

Астанада алғаш рет иттерді тұмылдырықсыз және шылбырсыз серуендететін алаң пайда болды. Байқоңыр ауданы, Пушкин көшесіндегі гүлзарда арнайы иттерді ойнатып, қыдыртатын жалпы аумағы 90 м2 құрайтын алаң ашылды. Ол пилоттық жоба ретінде Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша тегін салынды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Пушкин көшесі, 15 үйдің тұрғыны Елена Пичкарева алаңға келіп, итін шынжырдан босатып қоя берді. Лайка тұқымдас Терра есімді ит бостандыққа жеткеніне қуанып, жан жағына жүгіріп, асыр сала ойнады. Мұнда емін-еркін жүруге болады, себебі айналасының бәрі темір тормен қоршалған. Иттер ойнап жүрген кезде қожайыны бір сәт демалып алады. Мұнда иттерді ойнатуға арналған тау, кедергілер, ағаштар орнатылған. Алаңға иттерін жетектеп әкелген қожайындарға қойылатын бір ғана талап, тазалықты сақтап, төрт аяқты досының нәжісін жинап кету. 

Таяу арада Астана әкімінің тапсырмасымен скверлер мен көпқабатты үйлердің алаңында осындай вальерлер салынуы тиіс.

Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Руслан Ораловтың айтуынша, осы жылы иттерге арналған тағы да он алаң салыну жоспарда тұр екен.  

"Бұл астанадағы иттер серуендейтін ең алғашқы алаңдардың бірі. Бізге белгілісі бұл жалғыз алаң. Оның жобасын өзіміз жасадық. Иттерге арналған тренажер тауып, оны істеп беруін өтіндік. Бұл сынаққа құрылған алаң, яғни тегін жасалды. Келесі жолы осының негізінде алаңдарға техникалық ерекшеліктер енгіземіз", - деді Руслан Оралов. 

Ол алдағы уақытта тағы қай жерлерге үй жануарларын серуендетуге арналған арнайы орындар салынатынын айтып өтті.

"Мұнда үлкен үй тұр. Бұған дейін осы үйдің тұрғындары бізге иттердің балалар ойнайтын алаңда жүретінін айтып шағымданып келетін. Осыған байланысты біз бос қалған жерге иттерді ойнататын алаң жабдықтауды шештік. Көпқабатты үйлерде осындай алаң құру өте табылған шешім. 200 пәтерден астам үйлер болса онда ол жерде үй жануарларына арналған алаң болуы тиіс. Ол жерде міндетті түрде тек ит қана емес, мысықтар да болуы мүмкін. Біз "ақылды" ауданға да осындай алаң салуды жоспарлап отырмыз, бұл "Жастар" мөлтекауданы. Қазір ол жерде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі-үш алаңды және тағы бір үлкен алаңды Пушкинмен қиылысатын Шәкәрім көшесіне саламыз" - деп сөзін толықтырды Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары.

Бұдан басқа, Руслан Ораловтың сөзінше, тұрғындар арасында сауалнама жүргізіліп, көпқабатты үйлердің алаңында иттерге арналған құрылыстың қажеттілігін анықтамақ. 

"Аудан бойынша қай жерде үлкен үйлер бар, соларды қараймыз. Егер қажеттілік болса алаң орнатамыз. Бағасы да онша қымбат емес", - деді ол.

Осы кезде Терра да алаңда әбден жүгіріп болып, демалуға отырды. Сол сәтте оның жанына балалар жүгіріп келді. Себебі аппақ, жүні үлпілдеп тұрған итті сипап көру күніге бұйыра бермейді. Терра адамды қаппайды, ол өте доспейіл, өзін сипалауға, ойнатуға рұқсат етеді. Терраның Қазақстан чемпионы деген титулы бар екен.

"Біз дрессировкаға да, кинологқа да бардық. Арнайы ғимаратта айналыстық. Осы алаңды салғаны жақсы болды. Оны алаңсыз шынжырынан босата аласың. Маған да онымен осы алаңда ойнаған ыңғайлы, ал осыған дейін кинологқа барып жүретінбіз. Осындай үлкен үйдің алдында арнайы алаңы болу - бұл керемет нәрсе. Үйдің айналасында серуендейміз, яғни ит те өзінің қалағанын жасай алады, алаңсыз ойнау үшін шынжырсыз жіберуге болады. Егер кімде кім итін көрмеге апарғысы келсе, осы алаң нағыз жаттығуға таптырмайтын жер", - деді Терраның иесі Елена Пичкарева.

Сонымен қатар, Елена алдағы уақытта иттерге арналған алаң салынатын болса құрал-жабдықтарды стандарт бойынша орнатса екен деген ұсынысын жеткізді. Өйткені, иттердің кез келген кедергіні еңсеріп, жаңа титулды жеңіп алуына мүмкіндік туады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар