Астананың "Байқоңыр" ауданында жаяу жүргіншілер жолы салынуда

30 шілде, 2018, 12:19 1757 Астана
Астананың

Бүгінгі таңда, жұмыстар Жұбанов көшесінде жүргізілуде.

Астананың "Байқоңыр" ауданында жаяу жүргіншілерге арналған 10 жол жөнделеді және жаңадан орнатылады. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Тұрғындардың көптеген өтініштерін ескере отырып, көп жылдар бойы шешімі табылмаған, көшелерді жаяу жүргіншілер жолымен қамтамасыз ету жұмыстары ауданда бастау алды. Аудан аумағын зерттеп, талдау жасап, "Байқоңыр" ауданы әкімінің аппаратымен төменде келтірілген мекенжайлар бойынша жаяужолдарды орнату бойынша оң шешім қабылданды. Бүгінгі таңда, жұмыстар Жұбанов көшесінде жүргізілуде", - деп жазды Ерлан Каналимов.

Сонымен қатар, осы жылы 10 мекенжай бойынша жаяужолдардың жөнделуі мен жаңадан орнатылуы жоспарланған: Жұбанов көшесі, 27; Отырар көшесі, 2; Асан қайғы көшесі, 8; Ташенов көшесі, 9; Брусиловский көшесі, 5; Садвокасов көшесі, 1; Кемеңгерұлы көшесі, 31; Ататүрік бағы; Ж. Жабаев гүлзары мен Ташенов көшесіндегі гүлзар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар