Астананың басты көшелерінің бірінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады - Жаңалықтар | BNews

Астананың басты көшелерінің бірінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады

27 шілде, 11:02 3238 Астана
Астананың басты көшелерінің бірінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады

Мәңгілік ел даңғылы 27-30 шілде аралығында қозғалыс үшін ішінара жабық болады.

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Мәңгілік ел даңғылы бойынша Сарайшық көшесі мен Керей-Жәнібек хандар көшесі аралығындағы жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Асфальтбетонның беткі қабат жабындысын төсеуге байланысты төменде көрсетілген учаскелер бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын толық шектеу жоспарланған:

1) 27 шілде сағат 18:00-ден 28 шілде сағат 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылы бойынша Сарайшық көшесінен Сулы-жасыл гүлзар учаскесі аралығы;

2) 28 шілде сағат 18:00-ден 29 шілде сағат 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылы бойынша Сулы-жасыл гүлзардан бастап Бас прокуратура қиылысына дейін;

3) 29 шілде сағат 18:00-ден 30 шілде сағат 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылы бойынша Бас прокуратура қиылысынан бастап Керей-Жәнібек хандар көшесі аралығына дейін;

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру бағдарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары