Астананың бірнеше көшесі өткізілетін сайысқа байланысты үш күнге жабылады - Жаңалықтар | BNews

Астананың бірнеше көшесі өткізілетін сайысқа байланысты үш күнге жабылады

17 мамыр, 14:55 3116 Астана
Астананың бірнеше көшесі өткізілетін сайысқа байланысты үш күнге жабылады

Көлік қозғалысы үш көше аумағында шектеледі.

18-20 мамыр аралығында Астанада триатлоннан сайыс өткізілуіне байланысты кей көшелерде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды BNews.kz ІІД жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 18-20 мамыры аралығында триатлоннан Әлем Кубогы кезеңі өткізілуіне сәйкес қоғамдық тәртіпті қадағалап, іс-шараға қатысушылар мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бауыржан Момышұлы даңғылы бойынша (Тоқпанов көшесінен Қошқарбаев даңғылына дейін), Сарайшық көшесі (Бауыржан Момышұлы даңғылы М-1 көпір үстімен өтетін), Шалқыма көшесі бойынша (М-1 көпірінен М-2 көпірі арқылы Алиев көшесіне дейін) көшелерінде жол қозғалысы шектеледі.

Жоғарыда белгіленген көшелерде жол қозғалысынның шектелуі іс-шара аяқталғанға дейін жалғасады.

Іс-шараның өту уақыты:

- 2018 жылдың 18 мамыры (жұма) сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін (зерттеу бағытының қатысушылары);

- 2018 жылдың 19 мамыры (сенбі) 12.00-ден 18.00-ге дейін (кәсіби спортшылар);

- 2018 жылдың 20 мамыры (жексенбі) сағат 09.00-ден сағат 15.00-ге дейін (әуесқойлар).

Астана қаласының ІІД жүргізушілерге уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, жол бағытын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары