Астананың бірнеше көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

27 қазан, 2018, 13:38 3085 Астана
Астананың бірнеше көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Қала тұрғындарына жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлау ұсынылады.

Ұлытау - Наурыз көшелері қиылысында қозғалыс шектеледі. 27 қазан сағат 10:00-ден 5 қараша 00:00-ге дейін Ұлытау - Наурыз көшелерінің қиылысындағы жөндеу жұмыстарына байланысты автобус қатынасының қозғалысы шектеледі, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"№ 4 бағдар бастауыш аялдама пункті "№ 73 мектеп-лицейі" мен Ұлытау - Ақмола көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Ақмола көшесіне солға, Қайнар көшесіне оңға, Ақтөбе көшесіне солға, әрі қарай қолданыстағы қозғалыс кестесі бойынша жүреді. Кері бағытта  тура осыған сәйкес қозғалады", - делінген тарталыған хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!