Астананың бірнеше көшесінде жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады

18 қаңтар, 2019, 09:38 2497 Астана
Астананың бірнеше көшесінде жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады

18-21 қаңтар аралығында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Республика даңғылы мен Жангелді көшесінің қиылысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Аталмыш жол учаскесінде санитарлық-техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"Жангелді көшесінің Республика мен Сарыарқа даңғылдарының аралығында жатқан жол учаскесін күрделі жөндеуден өткізу" жобасын іске асырудың аясында су құбыры желілерін тазарту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. 

"18-21 қаңтар аралығында аталған жол бөлігінде көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады. Қала көшелеріндегі жолдарда кептелістерді тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет", – делінген көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар