Астананың емханаларында бахила сатылмайтын болды

12 шілде, 2018, 18:27 3599 Астана
Астананың емханаларында бахила сатылмайтын болды

Мұндай шешім емханаға келушілерден алынған сауалнамаға сәйкес шығарылған.

"Астана – адалдық алаңы" жобасын іске асыру аясында медициналық мекемелерде бахила тарату тоқтатылды, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Қамалжан Надыровтың айтуынша, емделушілер дәрігерлердің бахила кию керек деген ескертпесіне жиі арызданған.

"Біз өзіміздің қызмет алушыларымызға "Нені өзгерткіңіз келеді?" деген сұрақ қойдық және жауап алдық. Сауалнамаға 500-ден астам адам қатысқан. Кейбіреулер емханаларда ішетін ауыз су болғанын қалайды, кейбірі медорталықтарға келгенде бахила сатып алғызатынын, біреулерге ілініп тұрған ақпараттар түсініксіз екендігі айтылды. Біз барлық арызды жинап алдық та шешуге тырыстық. Жоба әзірге аяқталмады, дегенмен қазірдің өзінде біздің медорталықтарда оң өзгерістер бар", - деді Қамалжан Надыров.

Айта кетейік, айтылған міндеттерді жүзеге асыру медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға көмектеседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар