Астананың қалалық саябақтарында үй жануарларын серуендететін орындар пайда болады - Жаңалықтар | BNews

Астананың қалалық саябақтарында үй жануарларын серуендететін орындар пайда болады

10 шілде, 16:26 1182 Астана
Астананың қалалық саябақтарында үй жануарларын серуендететін орындар пайда болады

Алайда ит пен мысық иелері бірқатар ережені сақтауы тиіс.

Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен аптаның соңына дейін қала саябақтарында үй жануарларына арналған арнайы бөлек орындар пайда болады. Қазір осыған сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Апта ішінде территория жабдықталатын болады. Ол жерде үй жануарларына арналған белгілі ережелер бар. Иттердің кез келген түрін (қожайынынан ерекше күтім қажет ететін иттің түрлері) тыйым салынған белгілер жоқ жерге дейін итпен тұмылдырықсыз серуендеуге болады. Бірақ жануардың иесі өзімен бірге тұмылдырық алып жүруі міндетті және қажет болған жағдайда иттің тұмсығына тез арада тор тұсауын кигізуі тиіс. Егер тыйым салынған белгі тұрса, онда серуенді тұмылдырықпен жалғастыруы керек", – делінген хабарламада. 

Ит пен мысықтың иелері төмендегідей ережені сақтауы тиіс: 

- ит пен мысықтың мінез-құлқына бас-көз болуға, айналадағыларға қауіп тудырып, мазасын алмас үшін қоғамдық қауіпсіздік ережелерін бұзбау;

- аула, подъезд, тепкішек алаңдарын, лифтіні, балалар алаңын, жолдарды, тротуарлары, сквер, саябақ, демалыс орындарын ластамау. Егер ит пен мысық серуендеп жүрген жерге дәрет сындыратын болса қожайыны оны дереу алып тастауы тиіс. Ол үшін жануардың иесі өзімен бірге лас заттарды жинап жүретін құрал (пакет) алып жүруді ұсынады.   

- итті кәсіпорын, мекеме, ұйым, бақша, азаматтардың коммерциялық емес саяжайында, демалыс базасында, байлаулы күйінде немесе жабық темір торда (вольер) ұстауға болады. Алайда иттің ас пен суға жете алатындай бос жері болуы керек, байлаулы тұрса да иттің дәрет сындыруына кедергі болмауы керек. 

- иттер арнайы бір орында болуы тиіс, олар қашып кететіндей жерде болмауы керек, адамдар мен басқа да жануарларды қауып алмауы қажет.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары