Астананың "Наз" мемлекеттік би театры 20 жылдығын атап өтеді

31 қазан, 2018, 13:24 2321 Астана
Астананың

Концерттік бағдарламада әртүрлі ұлттық және заманауи билер орындалады.

Астана қаласы әкімдігінің "Наз" мемлекеттік би театры XXI "Шабыт" Халықаралық шығармашыл жастардың фестивалі және Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы аясында "Астана – елімнің жүрегі!" атты  концерттік бағдарлама өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұл бағдарлама әдеби-сазды, хореографиялық қойылымдары арқылы өзге бағдарламалардан ерекшеленеді. Концерттік бағдарламада әртүрлі ұлттық және заманауи билер орындалады. "Наз" би театры – елорданың құрдасы. Театр Астананың даму кезеңін би тілімен бейнелейді.

Сонымен қатар концерт барысында "Би – сезімнің поэзиясы" атты жазба ақындардың жыр мүшәйрасы өтеді. Мүшәйра қорытындысы "Наз" мемлекеттік би театрының 20 жылдық мерейтойында жарияланады. Үздік деп танылған жырлар топтамасы 2019 жылы жарық көретін "Наз" мемлекеттік би театрының тарихы жазылған кітапқа енеді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: