Астананың орталығындағы автотұрақтар уақытша тегін болды

06 ақпан, 2019, 15:03 1519 Астана
Астананың орталығындағы автотұрақтар уақытша тегін болды

"Нұржол" желекжолында, ескі вокзалда және әуежайда көлік тұрағы уақытша тегін болады.

Астананың орталығындағы ақылы автотұрақтар уақытша тегін болатыны туралы "Астананың көлік тұрағы кеңістігі" ЖШС мәлімдеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Компанияда мәлімдегендей, "Нұржол" желекжолындағы көлік тұрағын пайдалану уақытша тегін болады.

"Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! Сіздерге қазіргі ауа райының қолайсыз кезеңінде, яғни осы жылдың 6-7 ақпанында "Нұржол" желекжолындағы көлік тұрағын пайдаланғаныңыз үшін ақы төлемейтініңізді хабарлаймыз", – делінген компанияның хабарламасында.

Оған дейін, Smart Astana қосымшасында ескі теміржол вокзалы мен әуежайда да авто тұрақты пайдалану тегін екендігі хабарланған болатын.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескі теміржол вокзалы мен әуежай маңындағы көлік тұрақтары тегін жұмыс істейді, яғни шлагбаум көтеріліп тұрады. Кіру және шығу тегін", – делінген таратылған хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар