Астананың сол жақ жағалауына тегін экскурсия ұйымдастырылады 

27 қараша, 2018, 20:09 1671 Астана
Астананың сол жақ жағалауына тегін экскурсия ұйымдастырылады 

Іс-шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында өткізіледі.

1-3 желтоқсанда елорда тұрғындары мен қонақтары екі қабатты "Red Bus" экскурсиялық автобустарымен Астананың сол жақ жағалауына тегін экскурсия жасай алады, деп хабарлайды BNews.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Экскурсия "AiLand" (океанариум) көңіл көтеру орталығынан және ҚР ұлттық музейінен басталады. Ол қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтің көмегімен (бір рейс – қазақ тілінде, бір рейс – орыс тілінде) автобус салонындағы дыбыс күшейткіштері арқылы өткізілетін болады. Экскурсияны белгілі бір тілде тыңдауды қалайтындар өз құлаққаптарын әкелуі керек. Мерекелік тегін серуендеу кезінде жолаушыларға құлаққаптар таратылмайды.

Барлық сұрақтарды +7 777 555 75 75, 77-90-99 телефондары бойынша call-орталыққа немесе Instagram әлеуметтік желісіндегі @redbus.kz парақшасына жолдауға болады.

Арнайы автобустар жолаушыларын "AiLand" аялдамасынан:

сағат 10:00-де (қазақ тілінде);

сағат 12:05-те (орыс тілінде);

сағат 14:45-те (қазақ тілінде);

сағат 16:50-те (орыс тілінде);

сағат 18:55-те (қазақ тілінде) жөнелтіледі.

Бастапқы нүктесінен кейін қоғамдық көлік "Хан Шатыр" СОСО, "Мәңгілік ел" салтанат қақпасы, "Hilton Astana" қонақ үйі, "Ұлттық музей" және "Астана-Бәйтерек" монументі аялдамаларында тоқтайды.

Ал "Ұлттық музей" аялдамасынан автобус:

сағат 10:00-де (қазақ тілінде);

сағат 12:05-те (орыс тілінде);

сағат 14:45-те (қазақ тілінде);

сағат 16:50-де (орыс тілінде);

сағат 18:55-те (қазақ тілінде) қозғалады.

Бұдан кейін ол "Астана-Бәйтерек" монументі, "AiLand" көңіл көтеру орталығы, "Хан Шатыр" СОСО, "Мәңгілік ел" салтанат қақпасы, "Hilton Astana" қонақ үйі сияқты нысандарға аялдайды.

Іс-шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында өткізіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар