Астананың тұрақтандыру қорында мың тоннадан астам қант сақтаулы

26 шілде, 2018, 15:56 3155 Астана
Астананың тұрақтандыру қорында мың тоннадан астам қант сақтаулы

Шілде айында қант бағасы 0,4%-ға арзандады.

Астананың тұрақтандыру қорында қазіргі уақытта мың тоннадан астам қант сақтаулы. Қант белгіленген баға бойынша 8 сауда орнында сатылуда, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Тұрақтандыру қоры азық-түлік тауарларының біраз бөлігіне бағаны тежеуге мүмкіндік береді.Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорының өнімдері қаладағы сауда орындарына шығарылуда. 

"Жыл сайын осы кезде қант бағасының маусымдық өсуі байқалады, ол жеміс-жидектің пісіп, тұрғындардың жаппай қысқа азық-түлік дайындауына байланысты болатын жағдай. Қазіргі кезде қаладағы 8 сауда кешенде ("Столичный", "Шапағат", "Әлем" сауда үйі, "Бахус", "Меркен", "Апрель", "Керуен" сауда орталығы) белгіленген бағамен 80 мың тонна қант саудаланған", - делінген ведомство хабарламасында.

Тұрақтандыру қорында барлығы 1247 тонна азық-түлік бар, оның ішінде 1161 тонна қант, 46 тонна күріш, 40 тонна қарақұмық сақталған.

Ведомствоның айтуынша, жоғарыда аталған азық-түлік түрлеріне баға тұрақты.

Сондай-ақ, бағаның сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі, егер тауар құнында белгіленген шектен алшақтық анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.

Осыған дейін хабарланғандай, өткен аймен салыстырғанда қырыққабаттың бағасы 38%-ға, картоп - 14%-ға, пияз - 6,3%-ға төмендеген. Ал қант бағасы 0,4%-ға арзандаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар