Астананың жаңа әкімі ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен бірқатар нысанды аралады

Написать нам
15 қыркүйек, 2018, 14:45 2726 Астана
Астананың жаңа әкімі ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен бірқатар нысанды аралады

Бақыт Сұлтанов Президенттің тапсырмасы бойынша LRT құрылысының орындалып жатқанын тексеріп шықты.

Қаланы аралау барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов LRT көлік жүйесінің бірқатар жаңа станциясын, құрама темірбетон арқалықтар шығару бойынша полигон, Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірді, сондай-ақ Мыңжылдықтар аллеясы құрылысымен танысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Президенттің тапсырмасы бойынша LRT құрылысының орындалып жатқанын тексеріп шықты. Аралау барысында Бақыт Сұлтанов салынып жатқан LRT көлік жүйесінің бірқатар жаңа станцияларында болды. Қазіргі таңда құрылысшылар инженерлік желілер мен желі қадалары мен арқалықтарын дайындауда. Жобаны іске асыру барысы туралы Астана қаласының әкіміне "LRT құрылысы жөніндегі дирекция" ЖШС директоры Адильша Ермұханов баяндады.

Жоспарға сәйкес, ЛРТ әуежай мен жаңа "Нұрлы жол" теміржол вокзалын байланыстырады. Эстакаданың ұзақтығы 22,4 км, қала бойынша 18 станция және 19 бірлік жылжымалы құрам болады. 

Құрылыс нысанының желілерінде шамамен екі жарым мың жұмысшы және 155 бірлік ауыр техника жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов құрама темірбетон арқалықтар шығару бойынша полигонды, Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірге барды.

Аралау қорытындысы бойынша дирекция кеңсесінде көшпелі отырыс өткізіліп, онда Астана әкімі ЛРТ құрылысы жобасын көрсетілген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, Бақыт Сұлтановқа Мыңжылдықтар аллеясының (Алматы ауданы) құрылысы бойынша нақты жоспарларды таныстырды.

Сонымен қатар, бүгін "Қазақстан" спорт кешені алаңында ұйымдастырылып жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов келді.

"Қазақстан" спорт кешені жанында Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды. Ұсынылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 470 тоннадан астам.

Жәрмеңкеде барлығы 48 өнім түрі ұсынылды: ет, сүт, көкөністер, шұжық, балық өнімдері, сондай-ақ қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар. Мұнда Алматының апортын сатып алуға болады. Алматы облысының аграрийі жәрмеңкеге 15 тоннадан астам алма әкелді.

Еске сала кетейік, жәрмеңке 15 және 16 қыркүйек күндері өтеді. Дәстүр бойынша "Қазақстан" спорт кешенінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Алматы облысының шығармашылық ұжымы концерт қояды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар