Астананың жас мамандарына тәжірибеден өту мүмкіндігі беріліп отыр

14 ақпан, 2018, 13:34 983
Астананың жас мамандарына тәжірибеден өту мүмкіндігі беріліп отыр

Астанадағы ЖОО және колледж түлектері үшін Халықты жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі үшін алғашқы жұмыс тәжірибесі мен мамандығы бойынша машықтану үшін арнайы бағдарлама қарастырды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жастар тәжірибесі жас мамандарға тәжірибе кезінде ұжымда өзін көрсетуге, теориялық білімін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Оған қатысуға жоғары оқу орнын бітіргеніне үш жыл болған, 29 жастағы алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ түлектер қатыса алады. Осы жылы жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақысы 65000 теңге болмақ. Бүгінде түлектерге жастар тәжірибесі бойынша ең басымдық беріліп отырған бос орындар ұсынылуда, олар: бухгалтер – 66 жұмыс орны, заңгер – 59, экономист – 47, қаржыгер – 37, программист – 26.

Айта кетейік,  уақытша жастар тәжірибесі алты айға созылады.   

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #жұмыспен қамту #жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары #жастар #ЖОО

Читайте также

Похожие новости