Ата-ана қамқорынсыз қалған мыңға жуық бала Астанаға экскурсияға келеді - Жаңалықтар | BNews

Ата-ана қамқорынсыз қалған мыңға жуық бала Астанаға экскурсияға келеді

11 шілде, 19:21 1620 Астана
Ата-ана қамқорынсыз қалған мыңға жуық бала Астанаға экскурсияға келеді

Экскурсиялық бағдарламаға қаламыздың көрнекті орындары мен балалар ойын-сауық орындары енген.

"Астана – менің Отанымның елордасы" атты әлеуметтік жоба 4 маусымда бастау алып тамыз айында аяқталады, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін Астана әкімдігі "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС тұлғасында "Астана – менің Отанымның елордасы" арнайы әлеуметтік жобасының аясында Маңғыстау облысынан келген балаларға (36 адам) үш күндік экскурсия ұйымдастырды.

Осы жобаның аясында еліміздің барлық аймағынан Астанаға мыңға жуық жетім бала, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасыдан шыққан, көпбалалы отбасыдан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балалар келеді. Қазірдің өзінде елордаға төрт жүзден астам бала келіп, қаламен танысып қайтқан.

Экскурсиялық бағдарламаға қаламыздың көрнекті орындары мен балалар ойын-сауық орындары енген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары