"Атамекен" оқушылардың ерте кәсіби мамандануы жүйесін енгізуді ұсынды

14 ақпан, 2018, 10:28 922 Астана

Мұндай шара оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына жол ашады.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев мәлімдеді, деп хабарлайды  BNews.kz.

Ұлттық палата өкілдерінің ойынша, бүгінгі таңда еңбек нарығында "дипломды жұмыссыздық" белен алып, теңгерімсіздік орын алған және білім беру бағдарламаларының мазмұны жұмыс берушілердің қажеттілігіне сәйкес келмейді.

"Жыл сайын 354 мың оқушы мектеп бітіреді, 21 мыңдай азамат орта мектепті бітірген соң не коллеждге, не жоғары оқу орнына түспейді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде барлық оқушылардың 55%-ын ғана жұмыспен қамтиды. Орта есеппен мұндай мамандар жоғары жалақы алмайды. Дәл осындай жағдай жоғары оқу орындарында да бар", - деді Эльдар Жұмағазиев.

Мәселені шешу мақсатында "Атамекен" мектеп білім беру бағдарламасында адами капиталды ұтымды пайдалануды ұсынады. 7-сыныптан бастап, балаларды кәсіби бағдарлап, олардың бойында қандай қабілет болса, соған қарай бейімдеу керек. Осылайша оқу үдерісінде балада өзінің жеке даму жоспары пайда болып, бала болашақ мамандықты саналы түрде таңдайды.

"7-сынып оқушыларының ерте кәсіби мамандануы диагнозын анықтау бойынша пилоттық жобасын жүргізу бастамасы ҚР Білім және ғылым министрлігінде талқыланды, бұл жобаның іске асыруда белсенді атсалысуға дайынбыз. Біз осы тақырып аясында пікірталас барын сеземіз, әрі бұл жұмыстың қажет екенін дәлелдеуге әзірміз", - деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

"Атамекенде" оқушылар әлеуетінің терең дамыту құралы ретінде 10 және 11 сыныптарына арналған High School жүйесін қарастырады (мәселен, физика және математикалық, биохимиялық, экономикалық, гуманитарлық, лингвистикалық бағыт). Өз кезегінде кәсіпкерлік сектор мұндай мектептерді ашуға Құрылыс нормалары мен ережелері және Санитарлық нормалар мен ережелерді ырықтандыру жағдайында атсалысуға, сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауға дайын. Кәсіби диагностика және High School жүйесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын түбегейлі өзгертуі мүмкін, Ұлттық палата жоба іске асса, оң әсер болатынына сенімді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар