Атбасарда кәріз құбырынан сәбидің мәйіті табылды

08 ақпан, 2018, 11:21 1766
Атбасарда кәріз құбырынан сәбидің мәйіті табылды

Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сот-медициналық сараптамасы жасалмақ.

Ақмола облысының Атбасар қаласында канализациялық құдықтан сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Сәбидің денесін 7 ақпан күні "Атбасар су" қызметкері құдықты жабатын тетікті тексеру кезінде тапқан. Алдын ала болжам бойынша бала шамамен 1-3 айлық. Салмағы – 5 келі.

"Кезекші бөлімге телефон арқылы кәріз құбырының ішінен сәби қыз баланың мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Телефон шалушы сәбидің денесі құбыр жұмыстарын жүргізу кезінде табылғанын айтты", - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.  

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ауданда тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, олар жергілікті аурухананы тексеріп, соңғы айларда босанған барлық әйелді анықтауда.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ақмола облысы #сәби #қылмыс #жергілікті полиция #тастанды балалар

Читайте также

Похожие новости