Атбасарда су тасқынынан зардап шеккендерге алты үй салынады - Жаңалықтар | BNews

Атбасарда су тасқынынан зардап шеккендерге алты үй салынады

10 қараша, 2017, 10:46 655 Ақмола облысы
Атбасарда су тасқынынан зардап шеккендерге алты үй салынады

1911,8 млн теңге көлеміндегі қаражат ҚР Үкіметінің кезек күттірмейтін шығындар қорынан бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz.

Көптен күткен жақсы жаңалық. Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 45 пәтерлі алты тұрғын үй салуға ақша бөлінді. Ақмола облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Меруерт Палмаханованың айтуынша, «қаражат Үкіметтің кезек күттірмей бөлінетін шығындар қорынан бөлінген».

«Атбасар қаласындағы 45 пәтерлі алты тұрғын үй құрылысына барлығы 1911,8 млн тенге, сондай-ақ Атбасар ауданындағы №1 мектеп пен «Ишим» кеме жөндейтін портындағы құрылыс жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 214,5 млн теңге бөлінді», - деді Меруерт Палмаханова

Барлық үй 2017 жылы су тасқынынан зардап шеккендерге беріледі.

«Пәтер иелеріне үйді алу шарттары жеке-жеке таныстырылды, олардың тізімі Атбасар ауданы әкімшілігінің сайтында жарияланды», - деді ол.

Әкімшіліктің баспасөз хатшысы тұрғын үй құрылысының сапасын үнемі мемлекеттік сәулет-құрылыс облыстық басқармасы бақылап отырғанын атап өтті.

«Су тасқынынан зардап шеккен 167 үйге жөндеу жұмыстарын жасау үшін облыс қорынан 101 млн теңге бөлінді. Осы жұмысқа бас-көз болып отырған облыс әкімінің орынбасары апта сайын Атбасарда жиналыс өткізіп, жұмыс барысын қадағалап отыр», - деді Меруерт Палмаханова.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар