Атырау облысынан Астанадағы жәрмеңкеге 20 тоннадан астам балық әкелінеді

22 Августа, 2018, 14:40 1852
Атырау облысынан Астанадағы жәрмеңкеге 20 тоннадан астам балық әкелінеді |  | BNews.kz

Балық өнімдерін атыраулық кәсіпорындар ұсынады.

25-26 тамызда "Қазақстан" СК тұрақ алаңында Атырау облысының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысынан 12,5 тонна картоп, көкөніс пен бақша өнімдері, ет өнімдерінің 10, сүт өнімдерінің 2,5 тоннасы әкелінеді. "Карат" пен "Асыл агро" кәсіпорындары үш мыңға тарта консерві мен шұжық өнімдерін, "Алмалы құс" кәсіпорны 60 мың тауық жұмыртқасын саудаға қояды. Сондай-ақ, жәрмеңкеге балықтың 20 тоннасы әкелінеді деп күтілуде.

Балық өнімдерін атыраулық "Аманкелді" мен "Тілекші" кәсіпорындары, Құрманғазы ауданының "СевКазКаспий" ЖШС, сондай-ақ, Исатай ауданының "Жамбыл" кәсіпорны ұсынады.

Дәстүр бойынша сауда алаңында облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынады.  

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13987

Похожие новости