Атырау облысында латын әліпбиіне байланысты семинар-тренингтер өтуде

Написать нам
11 қазан, 2018, 09:57 1293 Атырау облысы
Атырау облысында латын әліпбиіне байланысты семинар-тренингтер өтуде

Жалпы алғанда облыс бойынша, 4 мыңға жуық адамды оқыту жоспарланып отыр.  

Атырау облысында қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру бойынша, көшпелі семинар-тренингтер өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шараны тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыруда. Спикерлердің қатарында Оразкүл Асанғазы мен филология ғылымының докторы, латын әліпбиіне көшу жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, танымал фонетик Әлімхан Жүнісбек бар. Басқарма мамандарының айтуынша, семинар-тренингтер Қызылқоға, Жылыой, Махамбет, Индер, Исатай аудандарында өткен.

15-16 қазан аралығында Құрманғазы ауданында өтеді. Шараның мақсаты - ел тұрғындарын латын әліпбиіне көшуге дайындау. Облыс орталығының тұрғындарына арналған семинар-тренингтер 11-12 қазан аралығында ұйымдастырылады. Жалпы алғанда облыс бойынша, 4 мыңға жуық адамды оқыту жоспарланып отыр.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар