Атырау облысында "Нұрлы жол" аясында құрылыс жалғасады - Жаңалықтар | BNews

Атырау облысында "Нұрлы жол" аясында құрылыс жалғасады

22 ақпан, 10:15 615 Атырау облысы
Атырау облысында

Атырау облысында көлік жолдарының құрылысы жалғасады. Биыл республикалық "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында облыс ішінде 60 шақырым жол жөнделеді.

Атырау қаласы мен таяу елді мекендерде ұзындығы 220 шақырымдық 207 көшенің жобалық сметалық құжаттары дайындалды, деп хабарлады 24.kz.

Сондай-ақ биыл көптен күткен Ақтөбе-Атырау-Астрахань күрежолының құрылысы басталмақ. Мұнайлы өңірді Батыс Қытай-Батыс Еуропа күре жолына қосатын автомагистральдің ұзындығы 893 шақырым болса, соның 552 шақырымы Атырау облысына тиесілі.

"Соның 432 шақырымы қайта жаңғыртуды қажет етеді. Жобалық сметалық құжаттамасы дайын. 6 лотқа бөлінген. Бұл бағытты қаржыландыру ИДБ арқылы жоспарланған. Қазіргі таңда министрлікпен ИДБ аралықта құжаттар жасақталып жатыр. Салалық министрліктің ақпаратына сәйкес аталған жолды жаңғырту биыл басталады", - деді облыстық жолаушылар тасымалы автокөлік жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары