Атырау облысындағы Қарабатан сатансасында болған өрттен 6 адам қаза тапты - Жаңалықтар | BNews

Атырау облысындағы Қарабатан сатансасында болған өрттен 6 адам қаза тапты

02 наурыз, 12:44 2696 Атырау облысы
Атырау облысындағы Қарабатан сатансасында болған өрттен 6 адам қаза тапты

Өрттің себептері анықталуда.

2 наурызда сағат 08.41-де Қызылқұйған ауданындағы Қарабатан электрстансасының газқұбыры құрылыс алаңындағы контейнер тұрпатты жатақханасында өрт шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Өрт кезінде жатақханада жұмысшылардың түңгі кезегі – шамамен 20 адам болған, оның төртеуін күйік шалып Атыраудағы облыстық ауруханаға жөнелтілді. Өрт орнында алты адамның денесі табылды. Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт  сағат 10.25-те ауыздықталып, сағат 10.45-те толығымен өшірілді.

Өрттің себептері анықталуда. Өртпен күреске Атырау облысы өрт сөндіру қызметінің 11 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Ұқсас жаңалықтар