Атырауда 13 жасар қыз терезеден құлап кетті

Написать нам
02 мамыр, 2018, 11:44 1762 Атырау облысы
Атырауда 13 жасар қыз терезеден құлап кетті

Жасөспірім қыз ауруханаға жеткізілді.

Атырау қаласындағы Нұрсая шағынауданында тұрғын үйдің үшінші қабатынан 2005 жылғы жасөспірім құлап кетті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жапа шеккен жасөспірім ауруханаға жатқызылды. ТЖК баспасөз қызметі балалардың тұрғын үйдің терезесі немесе балконынан құлап кету оқиғалары көбінесе ата-аналар балаларын қараусыз қалдырғанда болатынын ескертіп, барынша абай болуға шақырады.

"Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар. Масадан қорғайтын тор баланы терезеден құлап кетуден сақтамайды. Керісінше кейбір қайғылы оқиғалар сондай торлардың кесірінен болады. Бала терезеге қалай сүйенсе, оған да солай сүйенуге болады деп ойлап қалады. Осының кесірінен қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Мүмкіндігінше үстіңгі терезені ашыңыз. Астыңғы бөлігін ашпауға тырысыңыз. Балаға терезеден бір нәрсе көрсетер болсаңыз, оны мықтап ұстап тұрыңыз. Бала кез келген сәтте қалт қимылдап қалуы мүмкін. Алақаныңыз құрғақ болуы керек және оны киімінен емес, денесінен мығым ұстаңыз. Ал бөлмені желдеткен кезде бала қараусыз қалмасын. Оларға жалғыз өзі балконға шығуға болмайтынын ескертіңіз. Ұйықтап жатқан баланы үйде жалғыз қалдырмаңыз, ол оянып кетіп, терезеге шығып кетуі мүмкін.  Терезенің алдына жиһаз қоймаңыз. Бала сол арқылы терезенің алдына шығып кетуі мүмкін", - делінген хабарламада. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар