Атырауда азық-түлік бағасы арзандады - Жаңалықтар | BNews

Атырауда азық-түлік бағасы арзандады

04 желтоқсан, 14:50 1093 Атырау облысы
Атырауда азық-түлік бағасы арзандады

Азық-түлік бағасының арзандауы жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған жәрмеңкелердің өтуімен байланысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиналыста белгілі болды. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиында Ұлттық банктің Атырау филиалының директоры Айнұр Көшербаева баяндама жасады. Ол аймақтағы азық-түлік бағасының қазан айымен салыстырғанда арзандап, тұрақтанғанын жеткізді. 

«Қазан айымен салыстырғанда инфляция төмендеді. Бұл жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған 6 жәрмеңкенің өтуімен байланысты болды. Бағаның түзетілуі қызылша, пияз, сəбіз сынды азық-түліктерге қатысты болды», - деді ол.

Филиал директоры өңірде дедолларизациияның оң бағытта жүріп жатқанын да айтты.

«Былтырғы уақытпен салыстырсақ, 1 қарашада ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 28 пайыздан 45 пайызға дейін артты. Шетелдік валютадағы салымдар 71 пайыздан 54 пайызға дейін кеміді», - деді директор.

Бұл Атырау облысында ұлттық валютаға деген сенімнің күшейгендігімен түсіндірілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары