Атырауда екі жасөспірім лифт шахтасына құлап, біреуі оқиға орнында қайтыс болды

22 мамыр, 2018, 10:38 2830
Атырауда екі жасөспірім лифт шахтасына құлап, біреуі оқиға орнында қайтыс болды

Екінші бала жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Екі жасөспірім бала жүк лифтісінің шахтасына құлап кетті, біреуі оқиға орынында қайтыс болса, екіншісі аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды BNews.kz.

Белгілі деректерге сәйкес екі кәмелет жасына толмаған бала 21 мамырда кешкі сағат 23.30-да жұмыс істемей тұрған жүк лифтісінің шахтасына 15 қабаттан құлап кеткен. Оқиға Алмагүл ықшамауданындағы 16 қабатты үйде орын алған.  

"Жүк лифтісінің шахтасына құлау салдарынан 14 жасар жасөспірім қайтыс болды. Облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде түңгі сағат  01.08-де екінші бала көз жұмды. Бұл жүк лифті жұмыс істемей тұрған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады Атыраудың азаматтық қорғау басқармасында.

 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Атырау облысы #балалар #қайғылы оқиға #тұрғын үй

Читайте также

Похожие новости