Атырауда "е-ПИК" жобасы жүзеге асырылуда

11 қаңтар, 2019, 09:38 484 Атырау облысы
Атырауда

Жаңа жыл басталғалы электронды жобаға қала тұрғындарынан 37 өтініш түскен.

Атырауда пәтер иелері кооперативтері мен қаладағы басқарушы компаниялардың басын қосатын "е-ПИК" жобасы қолға алынды, деп хабарлады 24.kz. Жобаға 71 Пәтер иелері кооперативі мен облыстағы кондоминумум нысандарын басқаратын органдар топтастырылған. Мақсат - тұрғын үй иелері, коопертивтер және қалалық басқарушы органдар арасында байланысты жандандыру.

Енді Атыраудың әрбір тұрғыны жеке кабинет ашып, өзі тұратын үй туралы толық мағлұмат ала алады. Сондай-ақ пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы органдарға өтініш-талаптарын тікелей жеткізуге мүмкіндік туды. Жоба мемлекеттік "Цифрлық Қазақстан" жобасы аясында қолға алынған. Жаңа жыл басталғалы электронды жобаға қала тұрғындарынан 37 өтініш түскен.

"Атап айтқанда ондағы мәселелер өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша, электр желісі, су желісі сонымен қатар тұрғын үйдің тазалығы бойынша кәріз жүйесі тағы сол сияқты өтінімдер келіп түсті. Барлығы дерлік орындалды, үшеуі жұмыс үстінде", - деді қалалық тұрғын үй инспекциясының бас маманы Гүлмира Нығметова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар