Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті

23 желтоқсан, 2016, 16:29 757
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ  сессиясы өтті

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы барысында елдегі бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлестері үшін бірқатар этно-миәдени бірлестік жетекшілері мемлекеттік марапаттарға ие болды. Сессия кезінде Ассамблея мүшелері жаңа кеңестің құрамын бекітіп, биылғы жылы атқарылған жұмыстар легін қорытындылады деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.    

Қазақ еліндегі ынтымақ пен бірліктің символына айналған Қазақстан халқы ассамблеясын бүгінде дүйім ел біледі. Отанымыздағы айрықша қоғамдық институттың Атыраудағы мүшелері бүгін өздерінің 20 ші сессиясын өткізіп, 2016 жылды қорытындылады. Салтанат сарайында өткен түрлі ұлт өкілдерінің басқосуында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев  Елбасы тапсырмаларының орындалысы және келер жылғы мақсат-міндеттерді сарапқа салды. 

«Атырау - бейбітшілік пен келісімнің мекені деп нық сеніммен айта аламын. Қазақстан ширек ғасырда жаңа белес биігінен көрінсе, ол алдымен сіздердің ел дамуына қосқан үлестеріңіз. Бұл елдегі тұрақтылық пен ынтымақтастықтың жемісі. Алдағы уақытта да ынтымағымыз ортаймай, ел бірлігі жолында атқарар жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», - деді Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрлан Ноғаев. 

Фото: автор

Қазір Атырау облысында 17 этно-мәдени бірлестік жемісті жұмыс істеп жатыр.  Ассамблея мүшелері бүгін жыл бойына атқарған жұмыстарын түйіндеп, жаңа жылға  жылға арнаған жоспарларын ортаға салды. Аймақтағы мәдени бірлестіктер ішкі татулықты қалыптастыруға септігін тигізетін көптеген байқаулар ұйымдастырып, мемлекеттік мерекелердің де жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысып жүр. Облыстың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени өміріне айрықша үлес қосқан жандар бүгін мемлекеттік наградаларға ие болды.

Фото: автор

«Қазақ халқының ортасында бірлік бар, тірлік бар өзіміздің балаларға немере-шөберелерге қалдыратын жақсы дәстүрлер бар. Неге десеңіз бәрі бір халық болып, бір болып, жақсыны да жаманды бөлісіп бірге тұрып жатырмыз. Тек қана ризашылық білдіреміз. Айтатын жақсы сөзден басқа ештеңе жоқ. Елімізде бірлік болсын, еліміз тыныш болсын»,- деді. «Вайнах» шешен-ингуш ЭМБ төрағасы Зелимхан Зубариев.

Сонымен қатар  «Новруз» әзірбайжан, «Возрождение» болгар, «Еділ-Жайық» қарақалпақ, «Довира» украин,  «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестіктерінің тұрағалары мен мүшелері де  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.  Сессия барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа мүшелері мен Ассамблея кеңесінің 35 адамнан тұратын жаңа құрамы бекітілді. Ал келер жылы мұнайлы астана – Атырауда заман талабына сай «Достық» үйінің құрылысы басталатын болды.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Атырау облысы #ҚХА #Қазақстан халқы ассамблеясы

Читайте также

Похожие новости