Атырауда куәгерлер полиция қызметкерлеріне суицид жасамақ болған қызды құтқаруға көмектесті - Жаңалықтар | BNews

Атырауда куәгерлер полиция қызметкерлеріне суицид жасамақ болған қызды құтқаруға көмектесті

09 тамыз, 09:58 1573 Атырау облысы
Атырауда куәгерлер полиция қызметкерлеріне суицид жасамақ болған қызды құтқаруға көмектесті

Қазір осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 105-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Атырауда өтіп бара жатқан куәгерлер полиция қызметкерлеріне көпірден секірмек болған бойжеткенді құтқаруға көмектесті, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға болған күні Атырау қалалық ІІБ жедел басқару орталығының инспекторы Айсұлу Әбілқасова өзіне   белгіленген  аумақты тексеру кезінде, Жилгородок және Авангард ықшамаудандарын біріктіретін көпірден секіріп, өзіне қол жұмсағысы келген бойжеткенді байқаған. Ол оны дереу  жол патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлады. Бірнеше минуттан соң "Батыс-18" экипажы оқиға орнына жеткен.  

"Азамат Тілепқалиев пен Бекжан Мырзағалиев есімді полиция қызметкерлері қызды құтқарды. Бірақ олар қызды қанша құтқарғылары келсе де, бойжеткен өмірімен қош айтыспақ болған. Осының барлығын көріп, полиция қызметкерлеріне көмектесу үшін Сағынжан Ғизатуллин мен Амантай Ілиев есімді екі азамат келеді. Құтқарушының көмегімен жігіттердің біреуі көпірдің таянышына өтіп, қызды құтқара алды",- деді ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.

"Мен жақсы жүземін. Сондықтан мен Жайыққа түсуден қорықпадым және көпірдің таянышына қиындықсыз өттім. Полиция қызметкерлерімен бірігіп жақсы жұмыс жасадық. Маған бірдеңе болса, олардың мені құтқарып үлгеретініне сенімді едім", - дейді Амантай Ілиев есімді куәгер құтқарушы.

Айта кетелік, Амантай Ілиев пен Сағынжан Ғизатуллин қызды құтқарған ерлігі үшін Атырау қалалық ішкі істер басқармасының Алғыс хатымен маратталды. Екеуі де "Атырау-Ақпарат" ЖШС қызметкерлері. Оқиға болған күні  кешкі ауысымдағы жұмыстарына бара жатқан.

"Қазір осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 105-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Ал Атырау қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің жол полициясы батальонының инспекторлары Азамат Тілепқалиев пен Бекжан Мырзағалиевтер марапатқа ұсынылды", - деп хабарлады Назымгүл Қайсағалиева. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары