Атырауда малға арналған крематорий салынады

17 тамыз, 2018, 12:34 3276
Атырауда малға арналған крематорий салынады

Қала әкімдігі бұл жобаға 317 миллион теңге бөлді.

Атырауда үй жануарларын өртеуге арналған крематорий салынады. Қала әкімдігі өлген мал өртелетін қорымды салуға 317 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды BNews.kz Ақжайыққа сілтеме жасап. 

Атырау қаласының әкімдігі нысан құрылысын осы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын, сондай-ақ жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, тендер жарияланғанын хабарлаған.

Мемлекеттік сатып алулар сайтында "Алаңы 565 шаршы метр болатын мал қорымы Атырау-Астрахан трассасынан оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасқан" деп көрсетілген. Жоба бойынша 2 гектар қоршалған аумақта 3 биотермиялық шұңқыр, 3 крематор және ветеринар кабинеті орналасатын бір қабатты 3 ғимараты бар кешен салынады. Тәулік бойына күзетіледі. Мал "крематорийінде" бір уақытта 8 тонна қалдыққа дейін жоюға болады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Атырау облысы #құрылыс #жоба

Читайте также

Похожие новости