Атырауда отбасы және татуластыру орталықтары ашылды

18 Января, 2019, 11:12 2719
Атырауда отбасы және татуластыру орталықтары ашылды |  | BNews.kz

Орталықтар дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын кеңінен қолдану мақсатындаь құрылып отыр.

Атырау облыстық сотының бастамасымен Атырау қаласындағы Достық үйі ғимаратында "Отбасы орталығы" және "Татуластыру орталығы" ашылды, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Орталықтар дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын кеңінен қолдану ретінде, сондай-ақ, неке мәселелеріне қатысты даулар санын азайту мақсатында жұмыс істейді. Орталықтардың ашылуы барысында Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Көміршинов отбасылық құндықтарды сақтау керектігін атап өтті.

"Тәртіп пен заң өзгерсе де, отбасылық құндылықтар өзгермейтін киелі әрі мәңгілік ұғым. Барлық жақсылық атаулы отбасынан бастау алады. Сондықтан, осындай орталықтарды құра отырып, белгілі бір биліктің өкілі ретінде біз азаматтарға отбасын сақтауда көмек көрсетуге барлық жағдайларды жасауымыз қажет", - деді Манат Көміршинов.  

Айта кетейік, орталықта қызмет етуге этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, кәсіби медиаторлар, психологтар, қорғаушылар, жұмыспен қамту және дағдарыс орталықтардың өкілдері тартылды.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13929

Похожие новости