Атырауда Төле, Қазыбек және Әйтеке билерге ескерткіш орнатылды

18 қаңтар, 2019, 17:30 2988 Атырау облысы
Атырауда Төле, Қазыбек және Әйтеке билерге ескерткіш орнатылды

Биіктігі 4 метрлік ескерткіш қоладан жасалған.

Атырауда қазақтың әйгілі үш биіне алып ескерткіш орнатылды, деп хабарлады Қазақпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  

Ескерткіш облыстық сот ғимаратының орталық кіре берісінде орнатылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов ескерткіштің ашылуы - бұл мұнайлы аймақтың қоғамдық және мәдени өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті. 

"Жоба Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылды. Қазақстан халқы тарихтағы ең күрделі кезеңде шешуші рөл атқарып, елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы билер - Төле, Қазыбек және Әйтекені құрметтеп, еш естен шығармайды. Бұл - ұрпақ сабақтастығы, дәстүрлер жалғасы. Ескерткіш облыстық сот ғимаратының жанында кездейсоқ орнатылмаған, бұл - қазақ халқының даналығы, әділдігі мен абыройының символы", - деді  Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.

Айта кетейік, ескерткіштің биіктігі - 4 метр. Ол қоладан жасалған және мәрмәр тұғырда орналасқан. Ескерткіштің авторы - белгілі  қазақстандық мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар