Атыраудағы колонияда есірткіні қаймаққа салып өткізбек болған - Жаңалықтар | BNews

Атыраудағы колонияда есірткіні қаймаққа салып өткізбек болған

20 ақпан, 14:58 779
Атыраудағы колонияда есірткіні қаймаққа салып өткізбек болған

Ақша мен есірткі ең көп жіберілетін сәлемдемеге айналған.

Колонияға тыйым салынған заттарды өткізу үшін келушілер әртүрлі құйтырқы әрекетке барады. Мысалы, Атырауда сотталғандарға есірткіні қаймаққа және аяқ киімге салып өткізуге талпынған, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлері сотталғандарға келетін сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдерді жіті тексеру барысында тұрақты түрде тыйым салынған заттарды тәркілеп алады. 

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Ирина Горнова жазасын өтеп жатқан азаматтардың туыстары, жақындары мұндай құйтырқы әрекеттері үшін жауапқа тартылатынына қарамастан, оларды жеткізу үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданатынын айтты.

"ЕЦ-166/26 (Степной кенті, қауіпсіздігі орташа) мекемесінің өндіріс аймағына кіре берісте ҚАЖ қызметкерлерінің назары үлкен жүк көлігіне түседі. Тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында тексеру шаралары барысында жүргізушінің аяқ киімінен 50 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат табылды", - дейді Ирина Горнова.

Оқиға орнына Жарқайың ауданының АІІБ жедел-тергеу тобы келіп, аталған факті ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді.

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ризабек Даулетов есірткі сәлемдемемен қалай келгенін баяндап берді.

"Атырау қаласы қауіпсіздігі орташа УГ-157/9 мекемесінің тінту бөлмесінде сотталғанға келген сәлемдемеден, яғни аяқ киімнің ұлтарағынан ҚАЖ қызметкерлері ерекше иісі бар, жасыл түсті затты байқайды. Осыған ұқсас зат аталған мекемеге келген сәлемдемедегі үй қаймағы салынған пластик ыдыстың түбінен табылды", - дейді Ризабек Даулетов.

Сот-химиялық сараптама екі жағдайда да алынған заттардың 88 және 24 граммды құрайтын марихуана есірткісі екендігін анықтады. 

Ал Қостанай қаласындағы УК-161/2 мекемесінде жазасын өтеуші азаматқа келген арнайы хатта таксофон карточкаларының ішінен бес мың теңгелік ақша табылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары