Атырауда "Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар" атты театрландырылған қойылым көрсетілді

Написать нам
27 қараша, 2018, 16:30 1672 Атырау облысы
Атырауда 

ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко өңір тұрғындарына ұлттық кодты сақтағаны үшін алғысын білдірді.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің спорт кешенінде "Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар" атты театрландырылған қойылым көрсетілді, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко сөз сөйледі. Ол "Қазақтану" жобасы біздің құндылықтарымызды сақтау бойынша білу, есте сақтау және мақтан етуге арналған жұмыс екенін атап өтті.

"Өйткені біз, қазақтар, ежелгі дәстүр бойынша "шаңырақ иесі" ретінде және Қазақстанға өз еңбегіміздің, өнеріміздің, еліміздің өркендеуіне қызмет етеміз", - деді ҚХА төрағасының орынбасары.

Елбасы "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында "Қазақстан түркілердің атажұрты – қасиетті "Қара шаңырағы" деген сөзін келтіре отырып, осыдан біздің даладан түркі тайпалары мен халықтары әлемнің әр түкпіріне тарап кетті…" дегенді жеткізді. Леонид Прокопенко көрермендерге "Ұлы даланың ұлы өркениетінің" қолдан жасалған дәлелі болып табылатын Ұлы Сарайшық қаласының тарихын сақтаушылар, Дамасктің билеушісі – Ұлы Бейбарыстың ұрпақтары екенін айтып өтті.

"Біздің бүгінгі іс-шарамыз Президенттің "өз шыққан тегіңді, сондай-ақ бүкіл ұлттық тарихты терең және тұтастай түсіну" идеясының жарқын көрінісі болып табылады. Бұл оңай емес, бірақ өте қызықты және қажетті жұмыс", - деп атап өтті Ассамблея басшысының орынбасары.

Леонид Прокопенко атап өткендей, әрбір өңір Ұлы тұлға арқылы қабылданады.

"Біздің бала кезімізден "Күй атасы – Құрманғазы, күй Отаны – Атырау" деген құлағымызға сіңіп өскенбіз. Домбыраның шектерінен төгілген ғажап күйлер бәрімізге ыстық, алайда атыраулықтардың оларға деген ерекше көңіл-күйі бар. Күй – бұл тек ішкі әлемнің жай-күйі емес, бұл біздің халқымыздың игілігі, оны ұрпақтан-ұрпаққа сақтап, жеткізетіндеріңіз үшін рақмет", - деді ҚХА басшысының орынбасары.

Ол өңір тұрғындарына ұлттық кодты сақтағаны, "Туған жерге" деген махаббаты, бірлік пен тұрақтылық, еліміздің дамуына еңбек еткендері үшін алғысын білдірді.

Іс-шара барысында түрлі этностардың өкілдері сахнада қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы "Тұсаукесер", "Бесікке салу", "Келін түсіру", "Беташар" және тағы басқа қойылымдар көрсетті. Көрермендер назарына "Айтыс" ақын-импровизаторлар, қазақ және басқа халықтардың ұлттық би өнерінің композициялары ұсынылды.

Театрландырылған қойылымға ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ, Атырау облысының ҚХА, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктер, қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, жастар ұйымдары, Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі, меценаттар, донорлар, ЖОО студенттері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар