Атыраудың фитнес-клубында шетелдіктің 10 мың долларлық сағаты ұрланды - Жаңалықтар | BNews

Атыраудың фитнес-клубында шетелдіктің 10 мың долларлық сағаты ұрланды

09 ақпан, 19:00 1610
Атыраудың фитнес-клубында шетелдіктің 10 мың долларлық сағаты ұрланды

Уақытында полицияға жүгінгеннің арқасында ұрланған заттар табылып, иесіне қайтарылды.

Атырау қаласының фитнес-клубындағы киіну бөлмесінде құны 10,5 мың доллар тұратын қымбат қолсағат ұрланды, - деп жазады ATPress.kz.

Ұрлық қаңтар айының демалыс күндерінің бірінде болған. Шетелдік қонақтың бағасы 10,5 мың доллар тұратын Rolex брендті сағаты қолды болып, сонымен қатар әмияны да ұрланған.

"Дер кезінде полицияға жүгінгеннің арқасында ұрланған заттар жедел түрде іздестіріліп табылып, иесіне қайтарылды. Шұғыл қимылдаған тәртіп сақшылары, ұрланған заттарды бір күннің ішінде тапқан. Полицияда бұл ақпаратты растады, алайда тергеу жұмыстарының құпиялығына байланысты түсініктеме беруден бас тартты", - деп хабарлады дерек көзі.

Фото: atpress.kz

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары